«Колледждің психологиялық қызметінің консультативтік жұмысындағы және суицидтік тәуекелдің алдын алудағы рөлі» атты
2021 жылғы 19 қарашада психологтердің ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының психологтеріне арналған «Колледждің психологиялық қызметінің консультативтік жұмысындағы және суицидтік тәуекелдің алдын алудағы рөлі» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Мақсаты: студенттердің интимдік - жеке қарым-қатынасы контекстінде суицидтік тәуекелдің алдын-алу. Конференция барысында Өскемен жоғары медициналық колледжінің педагог-психологі И. В. Грохотованың (Колледждің психологиялық қызметінің консультациялық жұмысындағы және суицидтік тәуекелдің алдын алудағы рөлі); Өскемен жоғары медициналық колледжінің педагог-психологі Э. К. Амиренованың (Колледждің психологиялық қызметінің жұмыс тәжірибесін талдау негізінде жастардың мұсылман тәрбиесімен өзара қарым-қатынасы интимдік-жеке саласының ерекшеліктері); С. Аманжолов атындағы ШҚУ психология ғылымдарының кандидаты, психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры И. К. Мацкевичтің (Жеке қарым-қатынас шеңбері: ресурстар мен тәуекелдер) және т. б. баяндамалары тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Конференция жұмысына ШҚО колледждерінің 50-ге жуық педагог-психологтері қатысты.