Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 27 қарашада ауыл шаруашылығы бағытындағы арнайы пәндер оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі ұйымдары студенттерінің қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешені: ахуалы, мәселелері және болашағы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты: ветеринария және механикаландыру саласындағы ізденімпаз, дарынды және қабілетті студенттерді анықтау және қолдау, оларды шығармашылық және эксперименттік жұмысқа ынталандыру.

Аталған конференцияға 6 колледжден 17 студент  қатысты. Ғылыми  конференция ветеринария және агромеханизация бағыттары бойынша өткізілді.

Үздік жұмыстар анықталды:

Ветеринария  бағыты  бойынша:

І орын - Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Богданова Елизавета,  жетекшісі: Кусаинова Гульжанат Мендыбаевна;

ІІ орын  -  Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Жанар Минар, жетекшісі: Тұрахан Жанат;

 ІІІ орын - Марқакөл мектеп-интернат колледжінің студенті Тойкенова Сауле  Сагымбековна, жетекшісі: Манап Үміт; Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Рогалева Зарина  Расуловна, жетекшісі: Уалиева Гульбахрам Манаповна.

Агромеханизация  бағыты  бойынша:

І орын  - Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Амренова Қазына,  жетекшісі: Қалиолдаев Думан Ержанұлы;

 ІІ орын - Глубокий аграрлық колледжінің студенті Кубенов Руслан Рахимжанович,   жетекшісі Окусханов  Данияр Заманбекович; Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Жанарбекұлы Әли,  жетекшісі: Ахметов Нұржан Адилбекович;

 ІІІ орын - Самар агротехникалық колледжінің студенті Ляпунов Петр  Александрович, жетекшісі: Мусин Жанабай; Шемонаиха колледжінің, студенті Панибратец  Никита  Станиславович,  жетекшісі: Конева Марина  Юрьевна; Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Кадырбаев  Равиль  Каримович,  жетекшісі: Амангелдин Рахат Ермекович.