Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 24 қарашада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы жаратылыстану пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Глубокое техникалық колледжімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және М.В. Ломоносовтың 310 жылдығына орай «М.В. Ломоносовтың мұрасы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Мақсаты – студенттердің ғылыми-шығармашылық әлеуетін, инновациялық ойлауын қалыптастыру және ТжКБ жүйесі оқу орындары студенттерінің өзіндік жұмысының тиімділігін арттыру. Конференцияға қатысу үшін колледж студенттерінің 30-ға жуық өтінімдері келіп түсті. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/289972?lang=ru  марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!