Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 20 желтоқсанда тілдік пәндер оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында ШҚО ТжКБ ұйымдарының бірінші курс студенттері арасында ағылшын тілі пәнінен «Educated generation is the future of the nation» облыстық олимпиадасы өткізілді.

Мақсаты – білім алушылардың ағылшын тіліндегі коммуникативті құзыреттілікті дамыту.

Олимпиадаға қатысу үшін колледж студенттерінің 11 өтінім келіп түсті.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

1 кезең - Лексико-грамматикалық тест «How well do I know English?»;

2 кезең – Шығармашылық тапсырма: «My contribution on the development of New Kazakhstan»;

3 кезең – Таңдалған тақырып бойынша сөйлеу «Let’s speak!».

Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын - Амиргазин Алмаз (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғарғы IT колледжі);

2 орын – Медведев Махим Станиславович (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

3 орын – Мадинова Айжан Ролановна (Қ.Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж).

Олимпиада номинанттары:

Абдуллина Нурай Нуркеновна (Өскемен экономика және қаржы колледжі) - «Master of English»;

Родионова Маргарита Романовна (Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі) - «Creative personality»;

Сайранова Анел Азаматқызы (С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі) - «Sensational speaking skills».

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!