Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 2023 жылғы 7 желтоқсанда қоғамдық пәндер негіздері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің базасында Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің білім алушылары арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен облыстық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мақсаты – Қазақстан тарихын зерттеп-зерделеуге, гуманитарлық пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды білім алушыларды анықтап, тарих және өлкетану бойынша білімдерін дамыту.

Екі кезеңнен тұрған олимпиадаға барлығы 25 студент қатысты. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтіп, оның қорытындысы бойынша 13 студент екінші кезеңге өтті. Екінші кезеңде студенттер «Ұлы даланың тарихи келбеті», «Ұлт зиялыларының  тарихи жолдары», «Өлкенің тарихи-мәдени мұрасы», «Қазақтардың қоғамдық-құқықтық құрылымының тарихы» сынды тақырыптар бойынша презентация жұмыстарын қорғады.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – Сапарханова Еркем Сымбатқызы (С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі);

ІІ орын – Айнабек Диас Айнабекұлы (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі); Серғали Толғанай Сымбатқызы (С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі);

ІІІ орын – Троеглазова Анна Петровна (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі); Сабжанов Жангир Амангелдіұлы, Серікбол Аулет Маратұлы (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT-колледжі).