Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Электротехника колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 4 мамырда колледж студенттері арасында «Техникалық механика негіздері» пәні бойынша облыстық олимпиадасын өткізді. Мақсаты – теориялық және практикалық оқу процесінде алынған білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету, шығармашылық өсуді ынталандыру.

Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді:

1 тур – тестілеу;

2 тур – «Материалдар кедергісі», «Иілу» бөлімдерінің тақырыптары  бойынша есептерді шешу.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша  жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.