Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы IT бағыты оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Құмаш Нұрғалиев атыңдағы Жоғары  колледжімен  бірлесіп, 2023 жылғы 30 наурызда ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық технологиялар бойынша облыстық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты: ақпараттық технологиялар саласында жоғары дайындық деңгейі мен зияткерлік қабілеттерін көрсеткен дарынды студенттерді анықтау, студенттердің ақпараттық технологияларды оқуға деген қызығушылығын ояту, практикалық бағыттағы міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану қабілетін дамыту.

Олимпиадаға барлығы 18 студент қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Малахов Никита Дмитриевич, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

2 орын – Аилбеков Максат Маратович, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ  жоғары IT колледжінің студенті;

3 орын – Бейсенов Алишер Нурланұлы, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті.

         Құттықтаймыз!!!