Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстандық патриоитзмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтей білу, тілдік қарым-қатынас әдебін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, 2024 жылғы 5 сәуірде ШҚО ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша «Үш тіл тұғырың» атты облыстық олимпиадасын өткізді.

          Олимпиадада облыс колледждерінің 15 студенті мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдері бойынша тест тапсырып, мәтінмен жұмыс жасап, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында жоба қорғады.

          Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және «Болашақтың білгір маманы»; «Сөз шебері»; «Үздік аудармашы» номинациялары бойынша  марапатталды.