Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 20 желтоқсанда қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Қ. Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінің базасында Қазақ КСР-нің халық мұғалімі, еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Мемлекеттік тілді білу-азаматтық парыз» қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мақсаты – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бағытында ана тілін де, мемлекеттік тілді де меңгерген дарынды студенттерді анықтау және қолдау.

Үш кезеңнен тұрған олимпиадаға барлығы 15 студент қатысты. Бірінші кезең тестілеу түрінде өтсе, екінші кезеңде «Қазақстандағы мерекелер», «Шығыс Қазақстанның киелі жерлері», «Ұлы даланың жеті қыры» т.б. сынды тақырыптар бойынша қатысушылардың ауызекі сөйлеу дағдылары бағаланды. Үшінші кезеңде студенттер 200-250 сөзден тұратын эссе жазды.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – Вершинина Ксения, (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі);

ІІ орын – Хамидуллина Адэль (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі);

ІІІ орын – Шаманов Никита (Өскемен құрылыс колледжі).