Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада
2025 жылғы 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ базасында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 1 курс студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасын өткізді.
Мақсаты - жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми білімді насихаттау, талантты студенттерді анықтау, ғылыми дүниетанымды, зияткерлікті дамыту және қолдау, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың сарапшылар құрамында жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, колледждер мен мектептердің шығармашыл ұстаздары болды.
Олимпиадаға колледжішілік іріктеуден өткен 105 студент қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломдармен – 12 қатысушы, II дәрежелі дипломдармен – 17 қатысушы, III дәрежелі дипломдармен – 18 қатысушы марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі http://ctipo.kz/kz/ сайтында жарияланған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!