Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 27 сәуірде педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжінің базасында Мағжан Жұмабаевтың 130 – жылдық мерейтойына арналған педагогика пәнінен облыстық олимпиадасы өткізілді. Мақсаты - педагогика ғылымы саласындағы талантты жастарды анықтау, болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын жетілдіру, білім алушылардың таңдаған мамандығына, педагогикалық цикл пәндерін терең меңгеруге қызығушылығын арттыру, зерттеу, оқытушылық және инновациялық қызмет үшін кадрлар әлеуетін қалыптастыру. Олимпиада келесі кезеңдерді қамтыды: «Командалардың өзін-өзі таныстыруы (презентация)», «Педагогикалық диктант» теориялық тур», «Педагогикалық тақырыпта эссе», «Педагогикалық жағдаяттарды шешу», «Insight - интерактивті байқау», «Микрозерттеу».

Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – «Абай қырандары» (Абай атындағы Шығыс Қазастан гуманитарлық колледжі);

ІІ орын – «Новое поколение» (Абай атындағы Шығыс Қазастан гуманитарлық колледжі); «Болашақ» («С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі). Сондай – ақ, «Үздік сөз шебері», «Ең шығармашыл студент», «Зерттеуші студент» номинация иегерлері анықталды.

Құттықтаймыз!