Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылдың 22 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен Өскемен жоғары политехникалық колледжі физика-математика пәндері оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Физика» пәні бойынша колледж студенттеріне арналған   облыстық олимпиадасын өткізді.
Мақсаты – физика пәні бойынша қабілетті студенттерді анықтау, студенттердің өз бетінше тереңдетіп оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.
Олимпиадаға облыс колледждерінің 39 студенті қатысты.
Олимпиада 2 турда өткізіліп (Тестілеу және «Электр және магнетизм», «Тербелістер» бөлімдерінің тақырыптары бойынша есептерді шешу), нәтижесінде келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – Тусупбекова Амина Кадылбековна, Ерғазы Әділжан Ерғазыұлы (Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі), Елтаев Мадияр Еркінұлы (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT-колледжі), Дәуренбек Иса Дәуренбекұлы (Геологиялық барлау колледжі);
ІІ орын - Федоров Артур Сергеевич (Гуманитарлық-техникалық колледжі), Стафоркина Анастасия Александровна («Квансон» ҚКК), Калиева Айдана Дауренқызы (М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі), Закирьянов Рүстем Мұратұлы (Өскемен экономика және қаржы колледжі), Гусляков Вячеслав Николаевич (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT-колледжі), Бахперов Ерхан Еркебұланұлы (Геологиялық барлау колледжі);
ІІІ орын - Владимиров Игорь Александрович (Риддер аграрлық – техникалық колледжі), Хушваков Анвар Сайфуллаевич (Электротехникалық колледжі), Увальчинова Диана Евгеньевна (Алтай қаласының технология  колледжі), Тележанов Рустам Болатканович (Гуманитарлық-техникалық колледжі), Мукажанова Айнэла Нурлановна («Квансон» ҚКК).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!