Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалауға деген арттыру мақсатында Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында ағымдағы жылдың 26 сәуірінде колледж студенттері арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиада өтті.
          Олимпиадаға облыстың 5 колледжінен 18 студент қатысты. Қатысушылар бірінші кезеңде алгоритмдеу және бағдарламалау пәні бойынша тест орындап, ал екінші кезеңге өткен студенттер бағдарламаудың әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларын орындады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І дәрежелі дипломды – Өскемен экономика-қаржы колледжінің студенті Бондарчук Михаил; ІІ дәрежелі дипломды – Алтай жоғары колледжінің студенті Сосновский Кирилл; ІІІ дәрежелі дипломды –  Кұмаш Нұргалиев атындағы жоғары колледж студенті Подойникова Алёна иеленді.
Олимпиадаға қатысқандар мен олардың жетекшілеріне алғыс айтамыз.