Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 22 ақпанда ауыл шаруашылығы бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Зайсан технологиялық колледжінің базасында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында арнайы пәндер бойынша облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі  мамандығы бойынша  кәсіби талаптарға сәйкес білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын, заманауи өндірістің талаптарына сай жас мамандардың кәсіби даярлығының сапасын зерделей отырып, мамандығы бойынша үздіктерді анықтау. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1  орын - Капез Нариман Бахытжанұлы,  Глубокое аграрлық колледжі;

2 орын-  Мұратханұлы Санжар, Глубокое аграрлық колледжі;

3 орын – Құрбанәліұлы Жандос, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі, Нұрмәдиев Құрмет Маратұлы, Катонқарағай аграрлық – техникалық колледжі.

Құттықтаймыз!