Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Облыс колледждерінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алушы студенттерінің арасынан ең үздігін анықтау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Зайсан технологиялық колледжінің базасында 2024 жылғы 19 сәуірде облыстық олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға 6 колледжден 8 студент қатысып, бірінші кезеңде «Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және «Трактор құрылысы» пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, екінші кезеңде жағдаяттық тапсырмалар орындады.
Олимпиада қорытындысы:
І орын - Кенжибаев Замир Рашидович, Глубокое аграрлық колледжінің студенті;
ІІ орын - Қалышев Бұлан Жұмагалиұлы, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті;
ІІІ орын - Айымканов Еламан Ринатұлы, Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжінің студенті,
Құмарбеков Арнұр Ерболұлы, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!