Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәciптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үстел теннисі» спорт түрі бойынша облыстық спартакиада
2025 жылдың 25 сәуірде «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәciптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Үстел теннисі» спорт түрі бойынша облыстық спартакиада өтті.
Мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету.
Спартакиадаға облыстың 16 колледжінен 49 педагог қатысты.
Спартакиада нәтижесі Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының http://ctipo.kz/kz/ сайтында жарияланған.
Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды:
І орын – «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК;
ІІ орын - «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК;
ІІІ орын - «Зайсан технология колледжі» КММ;
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!