Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 15-26 қазан аралығында колледждердің 43 ИПҚ арасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Үздік бейнесабақ» облыстық қашықтан байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: ұлы қазақ ақынының мәдени мұрасы арқылы озық педагогикалық тәжірибені тарату, сондай-ақ бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру. Ұйымдастыру комитеті байқау жеңімпаздарын келесі критерийлер бойынша анықтады: педагогикалық идеяны ашу; білім берудің заманауи талаптарына сәйкестігі, өзектілігі; материалдың әдістемелік және практикалық құндылығы. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Оқасова Ғалия Тұрысбековна; ІІ орынды Геологиялық барлау колледжі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Омарбекова Айгуль Толеутаевна және Шемонаиха колледжі қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің оқытушылары Дюсюпова Ардақ Ахметбековна және Кузьмина Вера Филипповна, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі тарих пәнінің оқытушысы Ахметова Динара Мейранғалиқызы; ІІІ орынды Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі домбыра сыныбының оқытушысы Рысханов Шалхар Рысханович және Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Назбиева Бакыт Кайролдиновна иеленді. Сондай – ақ, «Абай мұрасы-рухани қазына», «Абайды тану – қазақты тану», «Өлең-сөздің патшасы..» және т.б. номинациялар бойынша үздік бейнесабақтар атап өтілді. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ал қатысушылар кәсіптік білім беру орталығының сертификаттарымен марапатталды. Үздік бейнесабақтар ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сайтында орналастырылады. Барлық байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!