Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы жаратылыстану пәндерінің ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 25 қарашасында ZOOM платформасында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін онлайн режимде «Химияның таңғажайып әлемі» жобалық жұмыстардың облыстық байқауы өтті. Іс-шараға ШҚО колледждерінің химия, биология және география пәндерінің оқытушылары қатысты. Байқауға химияның әртүрлі салаларын қамтитын қызықты жұмыстар ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды кәсіби білім беру орталығының грамоталарымен марапаттау рәсімі онлайн режимінде өтті. Барлық қатысушыларға грамоталар мен сертификаттар электронды түрде таратылды.