ТжКБ жүйесі оқу орындарының әдіскерлері мен оқытушыларына арналған «Педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагог құзыреттілігі» қашықтан әдістемелік семинары
2021 жылғы 22 қаңтарда педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп, ТжКБ жүйесі оқу орындарының әдіскерлері мен оқытушылары арасында «Педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагог құзыреттілігі» облыстық қашықтан әдістемелік семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру, әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу. Семинар жұмысы «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігі», «Қашықтан оқыту жағдайында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру» т.б. секциялар бойынша өтті. Семинар барысында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің әдіскері, педагогика пәнінің оқытушысы А.Е. Бекшойнова «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - білім сапасын көтерудің негізгі факторы ретінде», информатика пәнінің оқытушысы А.А. Касенова «Қашықтан оқыту кезінде дидактикалық материалдарды жасау үшін онлайн қызметтерді пайдалану», физика пәнінің оқытушысы Рақыметдолла М. «Физика сабағында виртуалдық зертханалық жұмыстарды пайдалану» тақырыптарында баяндамалар жасады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушылары Кудайбергенова Г.К., Кусаинова А.М. «Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы инновациялық іс-әрекет» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Платформа чатында семинар қатысушыларының кері байланысы орнатылды. Семинарға колледждердің 90-ға жуық әдіскерлері мен оқытушылары қатысты. Семинарда өз тәжірибесімен бөліскен оқытушыларға ШҚО кәсіптік білім беру орталығының алғыс хаттары табыс етіледі.