«Жас оқытушылардың шеберлігін арттыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану» тақырыбында облыстық қашықтан өткізілген семинар
Әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 30 қарашада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Құрылыс колледжімен бірлесіп жас педагогтерге арналған «Жас оқытушылардың шеберлігін арттыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану» тақырыбында облыстық қашықтан семинар өткізді. Мақсаты - жас педагогтердің педагогикалық дағдылары мен кәсібилігін арттыру, жаңа идеяларды тарату, студенттермен жұмыс істеу кезінде оқытудың инновациялық әдістерін енгізу болып табылды. Семинар жұмысы «Қашықтан оқытудың озық технологиялары», «Инновациялық білім беру технологиялары» т.б. секциялар бойынша өтті. Семинар «құрғақ» баяндамалар түрінде өткен жоқ, бұл шын мәнінде өзара тәжірибе алмасу болды. Қатысушылар көптеген қызықты, пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ, платформа чатында жас педагогтердің кәсіби байланысы орнатылды. Семинарға колледждердің 70-тен астам жас педагогтері қатысты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша үздік баяндамалардың авторларына ШҚО кәсіптік білім беру орталығының 1, 2, 3 дәрежелі дипломдары, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.