Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2022 жылғы 16 қарашада Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы І республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Мақсаты - білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды білім алушыларды анықтау және дамыту. Олимпида екі айналымнан тұрды: бірінші айналым – жазбаша (эссе); екінші айналым – ауызша (Қ.О.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектері, қазақ әдебиеті пәнінен бағдарлама негізінде алынған білімдері сараланды).

Олимпиада қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:

I орын – Жанат Сара («Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС);

II орын – Шәріпханов Аян («Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК);

III орын – Қадылбекова Аяулым («Қ.Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж»  мекемесі)

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!