Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсының облыстық кезеңі
2024 жылғы 7 қазанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі басталды.
Конкурстың мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу.
Конкурс арнайы дайындалған 6 алаңда өткізіледі:
Өнер және мәдениет саласы - «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК базасында:
- Вокалдық өнер (академиялық ән салу);
- Вокалдық өнер (дәстүрлі ән);
- Аспаптық орындау (қобыз, фортепиано, домбыра, прима).
Спорт саласы - «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМКҚ базасында:
- Дене шынықтыру және спорт.
Көлік саласы - «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесінің базасында:
- Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу.
Тау – кен металлургия саласы - «Риддер колледжі» КМҚК базасында:
- Пайдалы қазбалар кен орындарын жер астынан өндіру;
- Пайдалы қазбаларды байыту» (кен байыту).
Ауыл шаруашылығы саласы - «Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі» КМҚК базасында:
- Аграномия;
- Ветеринария;
- Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және қызмет көрсету.
Инженерлік саласы - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында:
- Машина жасау технологиясы.
ІТ саласы - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында:
-CAD инженерлік графикасы;
- Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!