Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 7-9 қазан аралығында Риддер колледжінің базасында тау-кен металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық байқау «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жерасты өңдеу», «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» атты екі құзыреттілік бойынша өткізілді.

Конкурсты бағалауға сарапшылар ретінде «Қазмырыш» ЖШС ШҚ КБК РСР еңбек қауіпсіздігі қызметінің бас мамандары, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық басшылары, «Қазмырыш-Шахтострой» ӨК тау-кен жұмыстарын жоспарлау және сүйемелдеу жөніндегі техникалық басшылар, ШҚ КБК ҚҚ тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскесінің басшылары, Қазмырыш ЖШС ҚӨК фабрикасының сүзгілеу бөлімшесінің шеберлері, инженер-байытушылары сарапшы ретінде қатысып, жоғары кәсіпқойлықтарын танытты.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды.

I орын: «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру» - Уәлиханов Ф. Е., «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» - Агажаева И.В.;

II орын: «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру» – Галышев Г.Ю., «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» - Тюрина А.И.;

III орын: «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру» - А.М. Нурбусинов, «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)» - Т.Л. Афанасьева.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.