Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 7-8 қазан аралығында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Конкурсқа Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі, Риддер колледжі, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі, Өскемен құрылыс колледжінің педагогтері қатысты.

Конкурстын қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды.

«Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша:

I орын - Мергенбаева Айгуль Кусайнкызы, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК дене шынықтыру және арнайы пән оқытушысы;

І орын - Нұрқас Мирас Айдынұлы, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК дене шынықтыру  және арнайы пән оқытушысы;

III орын - Сағымғалиева Нәзира Қуанғанқызы, «С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ Жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

IІІ орын - Резанова Наталья Влдадимировна, «Риддер колледжі» КМҚК дене шынықтыру оқытушысы.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Конкурсқа қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіби қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!