Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылдың 7-8 қазан аралығында Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі базасында транспорт және байланыс саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Конкурсқа Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Риддер колледжі педагогтері бақтарын сынады.

Конкурсты бағалауға «Казцинк» ЖШС, Мырыш зауыты: техникалық қызмет көрсету цехы, «VOSCA» ЖШС, «Fit Service» ТҚКС қызметкерлері сарапшы ретінде қатысып, жоғары кәсіпқойлықтарын танытты.

Облыстық конкурс «Жеңіл автокөліктерге техникалық күтім жасау және жөндеу» құзіреттілігі бойынша өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды.

I орын – М.К. Рахимов Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

II орын – А.Қ. Кокченов Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы және А.В.Троеглазов Өскемен жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы иеленді.

Е.С. Есмұратов Өскемен құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері осы құзіреттілік бойынша «Үздік маман» номинациясының иегері атанды.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.