Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 10-11 қазан аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Конкурсқа Риддер колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Өскемен көпсалалы технология колледжі, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің педагогтері қатысты.

Облыстық конкурс «CAD инженерлік графикасы», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер», «Машина жасау технологиясы» құзіреттіліктері бойынша өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

Конкурс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды.

«CAD инженерлік графикасы» құзіреттілігі бойынша:

I орын – Салихов Ерболат Салихұлы, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;

II орын – Құдайбергенова Эльвира Еркінқызы, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;

ІІІ орын – Серебренникова Регина Анатольевна, Риддер колледжінің оқытушысы.

«Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер» құзіреттілігі бойынша:

I орын – Горковенко Данил Сергеевич, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;

II орын – Корунова Анастасия Александровна, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің оқытушысы.

 «Машина жасау технологиясы» құзіреттілігі бойынша:

I орын – Қинаятов Дәулет Русланұлы, Өскемен көпсалалы технология колледжінің оқытушысы;

II орын – Кудяков Александр Сергеевич, Өскемен құрылыс колледжінің оқытушысы;

ІІІ орын - Павлова Любовь Николаевна, Риддер колледжінің оқытушысы.

А.В. Троеглазов, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы осы құзіреттілік бойынша «Үздік маман» номинациясының иегері атанды.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз!