Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7 қазан 2024 жылы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі базасында мәдениет және өнер саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өтті.  

Конкурстың мақсаты педагогтердің мәдениет және өнер саласы бойынша шығармашылық жетістіктерін анықтау, ТжКБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін қолдау болып табылады.

Конкурсты бағалауға Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әртістері, Мәдениет саласының үздіктері, өнер қайраткерлері сарапшы ретінде қатысып, жоғары кәсіпқойлықтарын танытты.

Облыстық конкурс «Аспаптық орындау», «Вокалдық өнер: академиялық ән айту», «Вокалдық өнер: дәстүрлі ән» құзіреттіліктері бойынша өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

Конкурс қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орын жүлдегерлері айқындалды.

I орын: «Аспаптық орындау» - Е.Е. Матабаев (сүйемелдеуші Е.С.Косачева), А.Ғ.Есімқанов (сүйемелдеуші О.Н.Миськив), «Вокалдық өнер: академиялық ән айту» - Ж.В.Бисимбаев (сүйемелдеуші М.А.Искендирова), «Вокалдық өнер:дәстүрлі ән» - А. Жакиянов;

II орын: «Аспаптық орындау» Д.Б.Булатова (сүйемелдеуші Миськив О.Н.), «Вокалдық өнер:дәстүрлі ән» - А. С.Бақыт;

III орын: «Аспаптық орындау» Г.З.Сейманова (сүйемелдеуші Н.П Бедарева) иеленді.

А. Әділқан «Аспаптық орындау» құзіреттілігі бойынша «Үздік маман» номинациясының иегері атанды.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.