Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 28 сәуір күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы және Өскемен жоғары политехникалық колледжі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарының педагогтері арасында энергетика саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Мақсаты: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу.

Конкурстың сарапшылар құрамында «Біріккен энергосервистік компания» АҚ, «Силумин-Восток» ЖШС өндірістік-инжинирингтік компаниясының мамандары болды.

Конкурсқа «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Риддер колледжі» КМҚК, «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ, «Алтай Жоғары колледжі» мекемесінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Конкурс  қорытындысы бойынша:

I орын - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері Манышев Медет Қарымбекұлы;

2 орын -  «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы  пәндер оқытушысы Касымжанов Раджан Жуманович;

3 орын -   «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Қалдыров Ерасыл Жеңісбекұлы;

3 орын – «Риддер колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Мұқашев Дәулет Нұрланұлы иеленді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!