ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы 2022 жылдың 31 қаңтары мен 09 ақпаны аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Конкурстың мақсаты - педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және танымал ету. Конкурс 4 модульді қамтыды: «Мен және қоғам» (3 минуттық бейнеролик); «Әдістемелік жоба» (белгілі бір тақырып бойынша әдістемелік әзірлемелер); «Мультимедиалық технологиялар» (мультимедиалық презентация жасау); «Педагогикалық жағдай» (педагогикалық жағдайды шешу). Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша республикалық кезеңге педагогикалық мамандық бойынша 1 оқытушы және жалпы білім беру пәндерінің 1 оқытушысы қатысады.