Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 27 қараша күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – педагогтерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу, білім беру туралы өз ойлары, көзқарастары мен идеяларын айтуға мүмкіндік беру, шығармашыл педагогтерді анықтау, педагог мамандығының беделін арттыру.

Қатысушылардың шығармашылық жұмыстары білім беру саласындағы инновациялар, тәрбиелік және педагогикалық идеялармен байытылған әрі терең мазмұнды болды. Байқау барысында педагогтер өздерінің кәсіби жетістіктерін ғана емес, сонымен қатар білім беру саласын дамытуға бағытталған тың ұсыныстарын да ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды:

І орын – Аймуханбетова Гульназ Ахметовна, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы;

ІІ орын – Дамолданова Асель Оралбековна, Өскемен көпсалалы технология колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

ІІ орын – Нуржанова Карлыгаш Маратовна, Шығыс техникалық –гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

ІІІ орын – Даулетова Айгуль Токтаубековна, Глубокое аграрлық колледжі басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

ІІІ орын – Пыкэлэу Елена Владимировна, Өскемен жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

ІІІ орын – Какиева Айнур Кабылкаиркызы, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы  Шығыс Қазақстан өнер училищесінің арнайы пәндер оқытушысы.

Ұйымдастырушылар байқауға белсене қатысқан барлық педагогтерге алғыс білдіріп, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер тіледі.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Әр педагогтің жоғары жетістігі мен кәсіби шеберлігі өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан баға жетпес үлес деп білеміз.