Республикалық «Мен кәсіпкермін» Онлайн Гранд турнирінің облыстық кезеңі
Гранд турнир ШҚО ТжКББ студенттерінің үздік бизнес-жобаларын, бизнес жоспарларын,
бейнематериалдарын бағалауға бағытталған.
Турнирдің мақсаты: колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту.
Регламентке сәйкес, турнир екі кезеңнен тұрады: біріншісі облыстық, екіншісі республикалық.
Бірінші кезеңде қатысушылар бизнес-жобаны, «canvas» бизнес-модель түріндегі бизнес-жоспарды және бейнероликті ұсынды.
Облыстық кезеңге 7 бағыт бойынша 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қатысты:
1. «Сауда»;
2. «Қызмет көрсету»;
3. «Өндіріс»;
4. «Білім беру»;
5. «Шоу-бизнес және мәдениет»;
6. «Туризм»;
7. «Экология».
Турнир қорытындысы бойынша конкурстық комиссия 6 бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
- «Сауда» бағыты бойынша:
Бірінші дәрежелі диплом ШҚО «Шемонаиха колледжі» КММ студенті – Кравцова Павла;
- «Қызмет көрсету» бағыты бойынша:
І-дәрежелі диплом – ШҚО білім мекемесінің «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК студенті Кречетова Злата;
II дәрежелі диплом – Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жоғары IT колледжі студенттері Карамергенов Арон, Карамергенов Закир;
ІІІ дәрежелі диплом – «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті ЖШС жоғары колледжі» студенті Тоқтарханова Шайралым;
- «Өндіріс» бағыты бойынша:
Бірінші дәрежелі диплом – «Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС студенттері Оралқан Жанна, Кенжебаева Ақбота;
II дәрежелі диплом – «Өскемен құрылыс колледжі» КММ студенті Скосарев Иван;
III дәрежелі диплом – «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ студенттері Маклакова Вероника, Малыхина Мария, Шульга Валерия;
- «Шоу-бизнес және мәдениет» бағыты бойынша:
І дәрежелі диплом – «Серебрянск технология колледжі» КММ студенттері Артамонов Никита, Браун Иван;
- «Экология» бағыты бойынша:
І дәрежелі диплом – «Риддер колледжі» КММ студенті Лихачева Вероника;
- «Білім беру» бағыты бойынша:
III дәрежелі диплом – «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ студенттері Маркелов Вячеслав, Ермолаев Радислав, Данилова Александра.
Барлық басқа қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Мен - кәсіпкермін» Гранд турнирінің республикалық кезеңіне жолдама алды.