Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру жұмысының циклограммасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 28 ақпанынан бастап Өскемен және Семей қалаларының  колледждері мен ЖОО өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары үшін «My Pro» мамандықтар фестивалі өз жұмысын бастады. Облыс колледждерінің Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждердің алаңдарында қатысушылар колледждер және аймақтағы ЖОО-ның ең үздік мамандықтарымен танысып, квест ойындары, шеберлік-сыныптар арқылы «Білім беру», «Байланыс», «Дәнекерлеу ісі», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Электроэнергетика», «Тамақтануды ұйымдастыру», «IT», «Өнер және мәдениет» және т.б. бағыттар бойынша толық мағлұмат алады.