Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстанда балалар жылын мерекелеу аясында жазғы кезеңде балалардың сауығуын, демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру ісінде талантты жастарды біріктіру, сондай-ақ, тәлімгерлердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық қызметін алмасу және тарату мақсатында, ағымдағы жылдың 24 мамырында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы аймақтың ЖОО мен ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алатын студенттері арасында «Тәлімгер Вожатый Fest-2022» облыстық фестивалін  ұйымдастырып өткізді.
Қатысушыларды балалар мен жастар ұйымдарының жетекші мамандары бағалады.
Фестиваль аясында қатысушы командалар байқаудың 4 кезеңі бойынша сайысқа түсіп, келесі жүлделі орындар анықталды:
үздік креативті шеберлік көрсеткен Абай аындағы Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжінің жасағы Бас жүлдені және «Керемет Тәлімгерлер-2022» Кубогын иеленді;
І орын – Халық әртістері Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің жасағы;
ІІ орын – Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жасағы;
ІІІ орынды  С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университетінің және Шәкәрім жоғары колледжінің жасақтары иеленді.
Айта кететін жәйт, барлық қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, осы фестивальге қатысуға жауапкершілікпен қарады. Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!
Құттықтаймыз!