Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

         ШҚО кәсіптік білім беру орталығы а.ж. 23 мамырында «Музыка және өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесіп, ШҚО ТжКБ ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасындағы «Көктемгі симфония» облыстық фестивалін өткізді.

Мақсаты – педагогтердің мәдени және рухани құндылықтарын арттыру, дамыту және насихаттау, шығармашылық қабілеттерін ашу.

Фестивальға келесі номинациялар бойынша концерттік нөмірлер ұсынылды: вокал (таңдаулары бойынша: жеке орындау, ансабль, хор); хореография; аспаптық жанр (жеке орындау немесе ансамбль); «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы сахналық қойылым; «Тәуелсіздікке арнау» авторлық шығармасы.

Фестивальге Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің, Өскемен жоғары медицина колледжінің, Өскемен құрылыс колледжінің, т.б. ТжКБ ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар осындай іс-шара ұйымдастырылғанына үлкен алғыстарын білдіріп, облыстық фестиваль дәстүрлі болатынына үміт білдірді!