«Менің туған өлкем» облыстық тарихи-өлкетану фестивалі
2022 жылғы 13 желтоқсанда облыстық қоғамдық ғылымдар негіздерінің оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес онлайн режимде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің туған өлкем» облыстық тарихи-өлкетану фестивалі өтті. Фестиваль аясында ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Менің туған өлкем» зерттеу жобаларының байқауы өтті. Ал колледж педагогтары фестиваль аясында «ШҚО өлкетануының өзекті мәселелері» тақырыбындағы теориялық семинар алаңында тәжірибелерімен бөлісе алды. Аталған іс-шараның мақсаты - туған өлкенің тарихын зерттеуге қызығушылықты арттыру, дамыған ғылыми-ізденістік, көпмәдениетті адамгершілік және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. Фестиваль аясында «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанның мақтанышы» және «Даму перспективалары» секциялары бойынша жұмыс көзделді. Фестивальде ұсынылған жобаларды бағалау келесі критерийлер негізінде жүзеге асырылды: өзектілігі, зерттеу тақырыбын таңдаудағы дәлелдер, логика, дәйектілік, материалды ұсынудың сауаттылығы және т. б. Іс-шараға 11 колледжден 32 студент пен 42 педагог қатысты. Үздік жобалардың авторлары жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.