Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 13 желтоқсанда қоғамдық пәндер негіздері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында ТжКБ оқу орындары студенттері арасында «Менің туған өлкем» облыстық тарихи-өлкетану конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты – туған өлкенің тарихын зерттеуге қызығушылықты арттыру, ғылыми-ізденіс, аналитикалық ойлау және белсенді өмірлік ұстанымы дамыған мәдениетті, өнегелі-адамгершілікті және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Конкурс келесі секциялар бойынша өткізілді:

«Менің шағын Отанымның тарихы»;

«Шағын Отанымның мақтанышы»;

«Даму болашағы».

Конкурс қорытындысы ШҚО білім басқармасының сайтында жарияланды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!