Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 25 мамырда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жоспарына сәйкес Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында ерекше білім  беру қажеттіліктері бар студенттер арасында «Шығармашылық шабыт» облыстық сәндік-қолданбалы шеберлік байқауы  өткізілді.  Аталған байқауға 30-дан астам студенттер өз жұмыстарын ұсына алды.  Мақсаты – ерекше білім  беру қажеттіліктері бар  жастардың шығармашылық іс-әрекетінің эмоционалды-жағымды фонын құру. Байқау сәндік-қолданбалы өнердің (авторлық жұмыстар) келесі бағыттары бойынша өткізілді: көркем тоқыма, көркем кестелеу, мата бойынша көркем сурет салу, ағашты көркем өңдеу, дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар, ағашқа сурет салу, кескіндеме және сурет салу. Байқау қорытындысы бойынша  жүлделі орындардың иегерлері анықталды. 

https://www.gov.kz/uploads/2023/5/25/4bdce104b969863e02ee4aab5b0c0b32_original.13305.xlsx