Талантты орындаушыларды анықтау және кәсіби бағдар беру мақсатында
Жалпы білім беретін мектептердің, балалар музыкалық мектептерінің және балалар өнер мектептерінің оқушылары, шығармашылық сарайлары мен орталықтарының тәрбиеленушілері арасында талантты орындаушыларды анықтау және кәсіби бағдар беру мақсатында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің базасында 165 қатысушымен «Алтай жұлдыздары» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:
- «Аспаптық орындау»:
- Фортепиано – 13;
- Ішекті аспаптар - 6;
- Үрмелі аспаптар мен ұрмалы аспаптар-7;
- Қазақ халық аспаптары – 20;
- Орыс халық аспаптары-17;
- «Музыкалық әдебиет» - 10.
- «Сольфеджио және музыкалық сауаттылық» - 10;
- «Вокалдық өнер» - 57;
- «Хореография» - 16;
- «Көркем сөз» - 9.
Қазылар алқасының құрамында Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің жетекші оқытушылары болды.
Байқау қатысушылары ШҚО кәсіптік білім беру орталығының дипломдары және грамоталарымен марапатталды.