Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО білім басқармасы, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасы,  Өскемен экономика және қаржы колледжі ШҚО кәсіптік білім беру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес     2022 жылдың 20 сәуірінде ТМД елдерінің халық шығармашылығы мен мәдени мұрасының жылына арналған ТжКБ студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Бизнес—өзін өзі жүзеге асырудың кілті» облыстық бизнес-жобаларының байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру. Облыстық байқау 7 номинация бойынша өтті. Атап айтқанда, «Green start up», «Әлеуметтік бастамалар», «Туризм», «Агроэкономика», «Креативті бизнес – идея», «IT-сала», «Сауда ісі». Конкурсқа қатысу үшін облыстың 8 ауданы және 3 қаласының 23 мектебі мен 30 техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орнынан 53 өтінім берілді. Жобаларды бағалау үшін ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің, «Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы» ЗТБ, «KAB SYSTEMS» ЖШС, Өскемен қ. «NIET WOMAN әйелдер бастамаларының қауымдастығы» ҚБ, т.б. жоғары білікті мамандар тартылды. Байқаудың қатысушылары мен жеңімпаздары, олардың ғылыми жетекшілері қатысқаны үшін сертификаттармен, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ іс-шара демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/360257?lang=ru