Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО білім басқармасы, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасы, Өскемен экономика және қаржы колледжі, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 4 мамырда ТжКБ ұйымдарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Сәтті жоба» бизнес-жобаларының облыстық байқауын өткізді. Мақсаты - жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және дамыту. Облыстық байқау 7 номинация бойынша өтті: «Green start up», «Әлеуметтік бастамалар», «Туризм», «Агроэкономика», «Креативті бизнес – идея», «IT-сала», «Сауда ісі». Байқауға қатысу үшін облыстың мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен 35 өтінім берілді. Жобаларды бағалау үшін ШҚО бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің, Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдаудың, ШҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінің, «Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы» ЗТБ, «ОСКАР» ЖК, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталын дамытудың, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жоғары білікті мамандары тартылды. Байқаудың жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, қатысушыларға сертификаттар табысталды.