Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қатысушылардың инновациялық қызмет саласындағы кәсіпкерлік бастамаларды және бәсекеге қабілетті тұлғаны, әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп, 2024 жылғы 15 мамырда ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында StartUp - 2024 облыстық бизнес идеялар байқауын өткізді.

          Интеллектуалды ойын екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар макроэкономика бөлімі бойынша теориялық сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде микроэкономика бөлімі бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

          Екі кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын - Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Кабиева Рената;

ІІ орын - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжінің студенті Зейноллаева Айдана; ІІІ орын - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі студенттері Шарипжанова Анель, Муратова Аружан, Слямханова Гүлнұр иеленді.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!