«Шығармашылық шабыт» сәндік – қолданбалы шеберліктің облыстық конкурсы
2024 жылдың 24 мамырында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен колледждердегі ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қоғамға белсенділіктерін арттыру, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету мақсатында «Шығармашылық шабыт» облыстық конкурсы сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет-графика бағыттарында өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша:
«Сәндік - қолданбалы өнер» бағыты
І орын - Комарова Ксения, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің студенті
ІІ орын - Қамзанова Аружан, Жигулин Сергей, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері
ІІІ орын - Мухатов Нурсултан, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінің студенті
«Кескіндеме» бағыты
ІІ орын - Муратова Дильнара, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінің студенті
«Сурет – графика» бағыты
ІІ орын - Петрусь Виктория, Глубокое техникалық колледжінің студенті
ІІІ орын - Медведев Артем, Самородава Ангелина, Глубокое техникалық колледжінің студенттері
Номинация иегерлері:
«Шебер қолдар» - Ляховский Владислав, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің студенті;
«Алтын қол шебері» - Андинов Мансур, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінің студенті
«Креативті жұмыс» - Комарова Ксения, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің студенті.
Барлық жеңімпаздар мен номинанттарды құттықтаймыз!