Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен студенттердің
шығармашылық қабілеттерін дамыту, колледж оқытушыларының ғылыми және кәсіби
 шеберліктерін арттыру мақсатында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің
базасында ағымдағы жылдың 1 наурызында ТжКББ жүйесі оқу орындарының IT пәндері
оқытушылары мен студенттеріне арналған «Guru IT» облыстық конкурсы өтті.
Облыстың 8 колледжінен 11 команда байқауға қатысып, екі кезең бойынша ДК
аппараттық құралдары мен операциялық жүйелерге қатысты тест орындап, компьютерді
эмуляторда берілген параметрлер бойынша құрастырып, кескінді және жүйені оқу
компьютерінің қатты дискісіне орнату бойынша практикалық тапсырмалар жасады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен
марапатталып, барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды.