Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылы 28 қазанда техникалық және кәсіптік білім беру мен жалпы білім беру ұйымдары кітапханашылары арасында кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге тұрақты ұмтылысты қалыптастыруға, білім беру саласындағы мамандығының беделін көтеруге бағытталған «Үздік кітапханашы - 2024» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: шығармашылықпен жұмыс істейтін ТжКББ және жалпы білім беру ұйымдары кітапханашыларын анықтау, қолдау және олардың инновациялық жұмыс тәжірибесін тарату, оң имиджді қалыптастыру.

Байқау 2 тапсырманы қамтыды:

  1. Ұзақтығы 3 минуттан аспайтын бейнематериал түріндегі «Библиолик» визит карточкасы. Қатысушы жеке және кәсіби қасиеттерін ашып, өзінің кәсіби кредосын айтып, шығармашылық жетістіктері мен идеялары туралы ақпарат беруі керек.
  2. «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыруда үздік идеяларды жинақтауды ескере отырып, колледж кітапханаларының қызмет бағытына сәйкес жоба тақырыбын кітапхана ісіне инновациялық технологияларды енгізудің оң мысалдарын өз бетінше тұжырымдап жобаны қорғау.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.