Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылы 26 желтоқсанда ТжКББ жүйесіндегі ұйымдары кітапханашыларының кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге тұрақты ұмтылысты, тартымды имиджді қалыптастыруға және білім беру саласындағы мамандықтың беделін көтеруге бағытталған «Үздік кітапханашы» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылықпен жұмыс істейтін колледж кітапханашыларын анықтау, қолдау және олардың инновациялық жұмыс тәжірибесін тарату.

Байқау 3 тапсырмадан тұрды: «Библиолик» визит карточкасы, жобаны қорғау және блиц-турнир.

 Іс-шара соңында комиссия мүшелері жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

 «Үздік кітапханашы» облыстық байқауының қорытындысы:

І орын – «Глубокое техникалық колледжі» КММ  кітапханашысы   Ильина Наталья Александровна; 

ІІ орын – «Глубокое аграрлық колледжі» КММ кітапханашысы  Әрімбекова Аиша Серікқызы және «Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі» КММ кітапханашысы   Данилова Анастасия Ивановна;   

ІІІ орын – «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ кітапханашысы Бозтайлақова Гулайым Кеңесбекқызы.

          Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!