Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 12 желтоқсанда педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан-Американдық еркін университеті Жоғары колледжінің базасында колледждердің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алушылары арасында «Мен спортты таңдаймын!» педагогикалық шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ТжКБ жүйесінің оқу орындарында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу.
5 кезеңнен тұратын байқау барысында командалар визиттік картасын ұсынып, сабақтың ҚМЖ әзірлеп,  «Көңілді старттар» спорттық эстафетасын өткізді,сондай-ақ флешмобты әзірлеу және өткізу бойынша үй тапсырмасын көрсетті.
Бес кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
І орын – «Абай қырандары» командасы (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);
ІІ орын – «Сила» командасы (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі);
ІІІ орын – «Аманжолов» командасы (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі).