Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары студенттерінің

ғылыми техникалық шығармашылықтары мен инновациялық ой толғауларын қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау Орталығы» КММ  ұйымдастыруымен  2016 жылдың 31 қазанында Өскемен қаласындағы «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ базасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне орай,  «Ғылым өрлеу қызметінде» атты облыстық жобалар байқауы өткізілді.

Байқауға 22 оқу орнынан 60 студент қатысты.

Байқау  гуманитарлық, арнайы пәндер және  жаратылыстану пәндері секциялары бойынша өткізіліп,  келесі жеңімпаздар анықталды:

  • Гуманитарлық пәндер секциясы бойынша:

І – орын «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті Мұратбекова Гауһар Айдынқызы;

ІІ – орын «Риддер көпсалалы колледжі» КММ студенті Бухряков Владимир Сергеевич;

ІІІ – орын «Катон-Қарағай аграрлық техникалық колледжі» КММ студенті Серікұлы Марат

«Үздік спикер» номинациясын «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК  студенті Маткасимова Дина иеленді.

  • Жаратылыстану  секциясы бойынша:

І – орын «Құрылыс колледжі» КМҚК студенті Қоныс Батыржан;

ІІ – орын «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК студенті Қинаятова Инабат;

ІІІ – орын «Д.Қалматаев атындағы  мемлекеттік медициналық колледжі»  КМҚК студенті Рашитова Лаура

«Жаңашылдық және өзіндік пікірі» номинациясын  «Өскемен құрылыс колледжі» КММ  студенті Панкратьев Данил;

 «Әлеуметтік маңызды тақырып»  номинациясын  «Глубокий техникалық колледжі» КММ  студенті Бейсембеков Ильяс иеленді.

  • Арнайы пәндер циклы бойынша:

І – орын «Катон-Қарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ студенті Кондрат Иван;

ІІ – орын «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК студенті Демяьяненко Надежда;

ІІІ – орын «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК студенттері Урумбасаров Шерхан, Қойшыбаев Мади;

«Ғылыми өзекті тақырып» номинациясын «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті Құлдырова Айзада иеленді.