«Studentskills» жобаларының облыстық конкурсы
Бүгін, ағымдағы жылғы 19 мамырда директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Серебрянск технология колледжінің базасында «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру құралы ретіндегі ғылыми-практикалық қызметі» Studentskills жобаларының облыстық конкурсы өткізілді. Мақсаты – білім алушылардың ғылыми-практикалық шығармашылығын анықтау және дамыту, кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының зияткерлік жетістіктерін қарау, ғылыми-практикалық қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу үшін жағдайлар жасау, кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындары арасында шығармашылық байланыстар орнату. Конкурс жұмысы 3 секция бойынша жүргізілді: «Энергетика, электротехника, электроника»; «Тамақтандыруды ұйымдастыру, тамақтандыру саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша). Конкурс нәтижесінде секциялар бойынша жүлделі орындар анықталды.