Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ауыл шаруышылығы бағыты бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжімен  бірлесіп 2023 жылғы 3 мамырда ШҚО колледждерінің студенттері арасында «Үздік жер өңдеуші» облыстық кәсіби шеберлік байқауын өткізді. Мақсаты - студенттердің кәсіптік даярлығының сапасын анықтау және деңгейін арттыру, «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығын дәріптеу. Байқау 3 кезең бойынша өтті. Байқау барысында қатысушылар өзі және оқу орны туралы бейнеролик ұсынып, «Тракторлар құрылысы», «Машиналарға техникалық күтім жасау және жөндеу», «Еңбекті қорғау» пәндері бойынша даярланған сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша номинациялар  және жүлделі орындардың иегерлері анықталды:

«Үздік тәжірибелі маман» номинациясын - Савушкин Вячеслав Михайлович (Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі)  иеленді.

«Үздік жер жыртушы» номинациясын - Асхатов Тамирлан Асхатұлы (Глубокое аграрлық колледжі)  иеленді.

1 орын – Нұрмадиев Құрмет Маратұлы (Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі);

2 орын – Черкашин Равиль Русланович (Самар аграрлық-техникалық колледжі);

3 орын – Құрбанәліұлы Жандос (Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі).