Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   2024 жылдың 1 наурызында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен құрылыс колледжімен бірлесіп, ТжКББ оқу орындарының студенттері арасында өндірістік оқыту шебері П.Н. Құрманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» облыстық кәсіби шеберлік байқауын өткізді.

          Байқаудың мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау, қазіргі жағдайда олардың беделін арттыру.

Байқауда «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 8 колледждің студенттері пластиналарды, төмен көміртекті және тот баспайтын болаттан, алюминийден жасалған құбырларды құрастыру мен дәнекерлеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.